Halyq Uni логотип
×

Семейде тұрғындар сенбілікке шықпай жатыр – әкімдік

Олардың белсенділігі төмен

 Дәурен Ерболат 06.08.2022 | 17:00
Семейде тұрғындар сенбілікке шықпай жатыр – әкімдік
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейде тұрғындар мен кәсіпкерлер сенбілікке шықпай жатыр, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін 200-ден аса өнеркәсіп кәсіпорын, шағын және орта бизнес өкілдеріне, білім беру, медицина мекемелеріне, ПИК-ке хабарлама жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алайда тұрғындар мен бизнесмендер белсенділік танытпады, - деп жазылған хабарламада.

Сенбілікте Шәкәрім даңғылы, Бозтаев, Селевин, Абай, Қаржаубайұлы көшелеріндегі қоқыстарды тазалау және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Оған 650 адам мен 19 арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ «ВостокСтройгрупп» құрылыс компаниясы рұқсат етілмеген жерде тасталған қоқысты шығару үшін техника ұсынды, бұл жұмыс ПИК-пен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Кеше «Теплокоммунэнерго» МКК, «Ет комбинатынан» МАИ бекетіне дейінгі аумақты тазаланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама