Маңғыстауда көлік апатынан 1 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті
Қайғылы оқиға Жетібай-Шетпе тас жолында болған
Маңғыстау өңірінде 2 көліктің соқтығысуы салдарынан 1 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Апат 5 тамызда таңғы сағат 9:00 шамасында болды. УАЗ көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бара жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан Toyota Prado-ға соғылып, көліктер өртенген.
Оқиға орнында УАЗ жүргізушісі көз жұмып, 5 адам түрлі дене жарақытын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізімінде тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.