×

Нұр-Сұлтанда жігіттің әке-шешесі құдаларынан қалыңмал мен киітті қайтару үшін сотқа жүгінді

Қалыңдық жаққа берілген қалыңмал және зергерлік бұйымдар мен костюмдерді қайтаруды талап еткен

 Халық үні 06.08.2022 | 10:27
Фото: ашық дереккөздерден

Жас отбасы 2021 жылдың сәуірінде ажырасқан. Іс-матералдарын зерттеген сот талап етушілердің талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот мынадай шешімге келді: ақшалай келінге берілген қалыңмал мен дүниелер сыйлық ретінде табысталған. Сол себепті жауап берушіден одан талап етудің негізі жоқ. Сонымен қатар аталған сыйлықты тек жауап беругі ғана емес, келін тарапынан басқа да адамдар алды, - делінген Нұр-Сұлтан сотының сайтында.

Апелляциялық шағым сот шешімін күшінде қалдырды. Мұнда қазақтың ұлттық салт-дәстүріне сай құдалар өзара сый-сияпат жасау үшін тиісті рәсімдер өткізілгені айтылды. Салтанатты іс-шаралар кезінде мүлікті беру және берілген заттарды қайтару талаптары заңда қарастырылмаған. Тиісінше тараптардың бір-бірінің алдында ешқандай міндеттеме жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама