×

Қарағандыда көшедегі ағаштарды кесіп тастаған кәсіпкер кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қала әкімі сауда үйінің әкімшілігімен кездесіп, оларды ағаш отырғызуға міндеттеді

 Еркеғали Болатұлы 05.08.2022 | 16:52
фото: дереккөз

Орталық даңғыл бойындағы ағаштарды кесуге тапсырыс берген компания өкілі қарағандылықтардан кешірім сұрады деп хабарлады Tengrinews.kz.

Айта кетсек, қалада Бұқар жырау даңғылы бойындағы және «Абсолют» сауда үйі маңындағы ағаштар кесілгеннен кейін жанжал шыққан болатын. Қала әкімдігі кәсіпкерге мұндайға рұқсат бермегенін алға тартты. Мемлекеттік мекеме тек бұтақтарды санитарлық қырқу жұмыстары туралы ұсыныс берген.

Бүгін қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағаш қырқу жұмыстарына бастамашы болған сауда үйінің әкімшілігімен кездесіп, оларды ағаш отырғызуға міндеттеді. Ал серіктестік өкілі қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

«Олар қанша айтса, сонша ағаш отырғызуға міндеттенеміз. Қай жерді көрсетеді, сол жерге егеміз және олар толық өскенше күтіп-баптаймыз. Кеше қырқылған бұл ағаштарды да қараймыз. Қолайсыздық келітіріп, моральдық күйзеліс тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз», - деді «Абсолют» сауда үйінің қаржы директоры Ольга Константиниди.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама