Halyq Uni логотип
×

Алматы әкімдігі 10 күннен кейін «жабайы сауданы» жоюға кіріседі

Тәртіп сақшыларының жабайы сауда жасайтындарды заңмен қудалауға толық хақысы болмақ

 Еркеғали Болатұлы 05.08.2022 | 14:53
Алматы әкімдігі 10 күннен кейін «жабайы сауданы» жоюға кіріседі
фото: ашық дереккөз

Алматыда 15 тамыздан бастап жол бойындағы «жабайы базарлардың» жұмысына тыйым салынады. Жаңа ереже күшіне енгеннен кейін заңсыз тұрған дала саудагерлері жауапкершілікке тартылып, қомақты айыппұл арқалайды.

Нақты айтқанда, енді 10 күннен кейін санитарлық талаптарды сақтамай, қаланың сәнін қашырған жайма базарлармен күрес күшейтіледі. Тексеріс жүргізетін тәртіп сақшыларының «жабайы сауда» жасайтындарды заңмен қудалауға толық хақысы болмақ.

Біз қаладағы сауда ережелерінің жобасын Әділет министрлігіне бекітуге бердік. 15 тамызға дейін нақты жауабы белгілі болады деп үміттенеміз. Сосын 10 күннен кейін құжат күшіне енеді, - деп нақтылады оны қала әкімі Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, ешбір ережені сақтамай, сауда жасап жатқан Бостандық ауданының өзінде 6 ірі нысан бар екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама