«Қалтамда көк тиын жоқ»: ер адам пойыздың төбесіне шығып үйіне барғысы келген
Құқық бұзушыға 15 900 теңге көлемінде айыппұл салынды
Instagram-да Алматы-2 вокзалының маңында жүріп бара жатқан Алматы – Орал бағытындағы жолаушылар пойызының төбесінде жатқан ер адамның видеосы тарады.
Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі оқиға 24 шілде сағат 22.45-те болғанын хабарлады.
«Алматы-1» вокзалындағы кезекші бөлімшеге «Алматы-Орал» пойызының төбесінде жатқан ер адамның кесірінен машинист «Алматы-2» вокзалында пойызды шұғыл тоқтатқаны туралы хабарлама түскен.
Көлік полицейлері пойызды тоқтатқаннан кейін құқықбұзушы вагонның төбесінен түсірілді. Тексеру кезінде 47 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны билет алуға ақшасы болғандықтан, пойыздың төбесінде үйіне қайтқысы келген, – делінген полицияның хабарламасында.
Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы («Темір жол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша 5 АЕК (15 900 теңге) көлемінде айыппұл салынды.