Аталған жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр
Алматыда ер адам бұрынғы әйеліне автобуста пышақ салмақ болды. Аталған жағдай бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады.
Видеода автобус ішінде ер адамның әйелмен сөз таластырып тұрғаны, кейін пышақ шығарып, шабуыл жасағаны бейнеленген. Болған оқиға автобус ішіндегі камераға түсіп қалған.
Оқиға 31 шілде күні кешкі сағат 22:30-да Саин және Рысқұлов көшелерінің маңында, №38 автобуста болған. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды, – деп жазды желі қолданушы.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция қызметкерлері.