Ұзынағашта атыс салдарынан 1 адам көз жұмды
Күдіктілерді ұстау шаралары жүргізіліп жатыр
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болды. Салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жеткізілгеннен кейін қайтыс болды, – делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Алдын ала анықталғандай, атыс бір топ жергілікті тұрғындар өзара араздасып қалғанның нәтижесінде туындаған.