Жалын шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құрады
Алматыда түнгі уақытта азық-түлік қоймасы өртенді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 21:42-де өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Мұқанов көшесі, 133 мекенжайында ғимараттың түтіндеуі туралы шақыртуға шыққан.
Сағат 21:45-те алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте азық-түлігі бар қойманың түтіндеп жатқаны анықталды. Өрт сағат 23:05-те оқшауландырылып, 23:24-те толығымен жойылды. Жалын шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құрады. Өрттің жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ, – делінген хабарламада.
Қазір оттың шығу себебі анықталып жатыр.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.