Halyq Uni логотип
×

Елордада күніне 100 мемқызметкерден COVID-19 анықталуда

Бүгінде қала «сары» аймақта тұр

 Дәурен Ерболат 04.08.2022 | 16:19
Елордада күніне 100 мемқызметкерден COVID-19 анықталуда
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда тәулігіне 100 мемлекеттік қызметкерден коронавирус анықталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Біз мемлекеттік қызметкерлер арасында вирус жұқтырғандар санының өсіп жатқанын көріп отырмыз. Нұр-Сұлтан «сары» аймақта тұр. Осыған дейін мемлекеттік қызметкерлер арасында коронавирус жұқтырудың 10 дерегі тіркелетін, ал қазір тәулігіне 100 дерекке дейін тіркеліп жатыр, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін астанада коронавирус жұқтырудың 840-тан аса дерегі тіркелді.

Осыған дейін денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға 6 ай сайын вакцина алуға кеңес берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама