×

Арыс қаласының тұрғыны 30 жыл бойы КСРО төлқұжатымен өмір сүрген

Ол осы уақытқа дейін құжат жасатуға бармаған

 Халық үні 02.02.2022 | 11:45
фото: polisia.kz

Түркістан облысы Арыс қаласының полицейлері 30 жыл бойы қызыл төлқұжатпен жүрген ер адамды құжаттандырды.

Арыс аудандық полиция бөлімі көші-қон тобының полицейлері Арыс қаласының тұрғыны, 1963 жылы туған Рашид Аязовқа жаңа құжат берді. Ол осы уақытқа дейін ауылда әртүрлі жұмыс жасап, құжат жасатуға бармаған, – делінген ақпаратта.

Рашид Аязов жалғыз өзі ғана тұрады. Қолында тек 1974 жылғы КСРО төлқұжаты болған. Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде анықталған ер адамды құжаттандыру үшін көші-қон полицейлері оны суретке түсіріп, қолтаңбасын алып, тиісті құжаттарды рәсімдеді. Нәтижесінде, ер азаматтың жеке басын растайтын жаңа құжаты дайындалып, табысталды.

Отбасылық жағдайымы байланысты құжат алуды кейінге қалдырып жүргенмін. Осы орайда көмек берген полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді ер адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама