СҚО-да есірткіні жасырын сатқан қыз 11 жылға сотталды
Сотталушыдан синтетикалық есірткінің ірі көлемі тәркіленген
Петропавлда есірткіні жасырын сатқан 22 жастағы қыз сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер күдіктіні ақпанда ұстаған. Сот үкімімен ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ 22 жастағы сотталушы жазаны өтеу орнында есірткіге тәукелділіктен емделуі тиіс.
Бүгінде нашақорлар жасарып келеді. Бұл бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Биыл СҚО-да есірткіні жасырын сатқан 22 адам сотталды. Оның 12-сінің жасы 25-тен аспайды. Олар 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Жандос Басыбаев.