Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында 130 келіге жуық балық аулаған браконьерлер ұсталды

Олардан бір қайық пен балық аулауға арналған ау тәркіленді

 Халық үні 02.02.2022 | 11:00
Түркістан облысында 130 келіге жуық балық аулаған браконьерлер ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Түркістандық полицейлер заңсыз 128 келі балық аулаған браконьерлерді құрықтады. Түркістан облысы полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шаралары барысында Шардара су қоймасында браконьерліктің кезекті жайтын анықтады.

Сағат 16:00 шамасында рейдтік іс-шаралар кезінде Шардара ауданы полиция басқармасының полицейлері Арал-Сырдария облысаралық инспекция өкілдерімен бірге су қоймасының жағасында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі браконьерді ұстады. Олар Шардара қаласының тұрғындары болып шықты, – делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары күдіктілерден бір қайық, 500 метр балық аулауға арналған ау мен 128 келі сазан балығын тәркіледі.

Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 335-бабы (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама