Бұғаталған парақшалардағы мазмұн негізінен әртүрлі діни мәтіндер мен суреттерден ғана тұрады
Қазақстан аумағында «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі атауларында «Ислам», «Құран» және «Мұсылмандар» деген сөздер жазылған, 50 мың жазылушыдан тұратын жалпыға қолжетімді ірі парақшалар бұғатталды.
Тіпті, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өтініші бойынша бұғатталған парақшалардың ішінде миллионнан аса жазылушылары болғандары да бар. Дегенмен министрліктің өзі бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Көп жағдайда әлеуметтік желідегі парақшалар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын контенттің таралуына байланысты бұғатталады. Мысалы, экстремизмді насихаттарын жариялауға тыйым салынған. Ал бұғаталған парақшалардағы мазмұн негізінен әртүрлі діни мәтіндер мен суреттерден ғана тұрады. Олардың бірі мұсылмандардың танысуы үшін ашылса, екіншісінде ақпараттың жаңармағанына бір жылдан асқан.