Сыбайлас жемқорлық барлық жерге дендеп кеткен
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселесін талқылады.
Бұл туралы министрлік хабарлады.
Кездесуде Антикордың өкілдері көліктік бақылау саласындағы бірқатар сыбайлас жемқорлықты анықтағанын мәлімдеді.
Осыған байланысты көлік комитетінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 100-ден астам ұсыныс әзірленді.
Агенттіктің Превенция қызметінің басшысы Марат Ахметов өз сөзінде көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа бейімділік байқалатынын, іс жүзінде барлық бағыттарда сыбайлас жемқорлықтың анықталғанын атап өтті.