Болат Мүрсәлім «Qazaqstan» ТРК бас редакторы болды
Ол қазақ телевизиясындағы тәжірибелі мамандардың бірі
Белгілі журналист Болат Мүрсәлім «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының бас редакторы қызметіне тағайындалды.
Бұл ақпарат телеарнаның Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
Болат Мүрсәлім қазақ телевизиясындағы тәжірибелі мамандардың бірі. Салада 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында өзіндік қолтаңбасы бар жас журналистер буынын тәрбиелеуге де атсалысты. БАҚ-тың түрлі саласындағы, жекеменшік телеарналардағы ұзақжылғы тәжірибесі Корпорация арналарының дамуына жаңа леп әкеледі деп сенім білдіремін, – деп атап өтті таныстыру кезінде басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Б.Мүрсәлім еңбек жолын 2001-2002 жылдары баспасөзде, кейінгі жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында тілші, жүршізуші, «КТК» телеарнасында сараптамашы, «31 арнада» Ақпараттық бағдарламалар директоры, «Қазақфильм» киностудиясында редактор қызметтерін атқарған.