Қуаңшылық кезінде жем бағасы 90-110 теңгеге дейін шарықтаған болатын
Маңғыстау облысында жем бағасы 50 теңгеден болды. Бұл туралы facebook желісінде ауыл шаруашылығы саласының эксперті Алмасбек Садырбаев жазды.
Сүйінші, Маңғыстауда жем – 50 тг. Бес күн бойы қиналған халықтың малын аман алып қалу үшін үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың тапсырмасымен, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Маңғыстау облысы әкімдігі жемді арзандату тетіктері мен механизмдерін қарастырды. Шешімі табылды, – деп жазды Садырбаев.
Атап өтсек, былтыр Маңғыстау облысында қуаңшылық болып, салдарынан 1 163 бас мал өлді. Сол кезде жем бағасы 90-110 теңгеге дейін шарықтады. Өңірдегі шаруаларды жемшөппен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 1,9 млрд тенге бөлінді.