Halyq Uni логотип
×

Қандастар мен оңтүстік жұрты Қостанай өңіріне көптеп қоныстана бастады

«Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы арқылы көшіп келуге ниет білдірген азаматтардың саны 3 800-ден асып отыр

 Еркеғали Болатұлы 03.08.2022 | 12:26
Қандастар мен оңтүстік жұрты Қостанай өңіріне көптеп қоныстана бастады
фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір атамекенге көшіп келген қандастарды қабылдау жағынан Қостанай облысы көш бастап тұр екен.

Атап айтқанда, биыл жыл басынан бері 1 147 қандастар отбасы осы өңірге қоныс аударған.

Ал «Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы арқылы көшіп келуге ниет білдірген азаматтардың саны 3 800-ден асып отыр. Олардың 500-ден астамы – сырттан келген қандастар, – делінген хабарламада.

Жалпы, бүгінде көшіп келушілерді тұрақты жұмысқа тарту көрсеткіші артып, 65 пайыздан 81 пайызға жеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама