Halyq Uni логотип
×

Арзан азық-түлік: алматылықтар 35 млн теңгеге алданып қалды

Аталған факті бойынша 33 жастағы әйел ұсталды

 Динара Амантай 03.08.2022 | 09:54
Арзан азық-түлік: алматылықтар 35 млн теңгеге алданып қалды
Коллаж: Halyq Uni

Алматы қаласының тұрғындарын 35 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

ҚР ҚК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 33 жастағы Я.есімді азаматша ұсталды.

 Күдіктіге қатысты тергеу соты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Әйел азық-түлікті нарықтағы бағадан төмен бағада қамтамасыз етемін деген желеумен ірі көлемде қаражат алғаны белігі болды. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын 35 миллион теңгеден асады, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Қазір аталған азаматшаның қала аумағында жасалған осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама