×

«Шенеуніктер де бар»: 50 жылдай игерілмеген жерді қайтарғысы келмейтіндер көп

Комиссия мүшелері жұмыс барысында түрлі жағдайларға тап болғанын айтады

 Еркеғали Болатұлы 03.08.2022 | 09:52
фото: ашық дереккөз

Игерілмей жатқан заңсыз жерлер біртіндеп мемлекет меншігіне қайтарыла бастады. Мәжілістегі «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі Қайнар Абасовтың айтуынша, бұл орайдағы жұмыстар оңай атқарылып жатқан жоқ. Жерді қайтарғысы келмейтіндер де аз емес екен.

Сондай-ақ иелігіндегі жерді 49 жылдан бері мүлдем пайдаланбағандар, мыңдаған гектарды пай ретінде банкке өткізіп жібергендер де көп. Жердің заңсыз сатылып немесе босқа игерілмей тұруы тек ауылда емес, қалада да жетерлік. Комиссия мүшелері жұмыс барысында түрлі жағдайларға тап болғанын айтады.

Өзіне ыңғайлы мүмкіндік жасап алғандардың ішінде шенеуніктер де, ірі кәсіпкерлер де бар. Өз еркімен қайтарып жатқандардан бөлек, қайтарғысы келмей, нысаналық бағыт өзгеріп және ол жерде әртүрлі құрылыс жүргізгендер де кездеседі. Олармен тиісті жұмыс жүргізіліп, заңсыз жерлері кейін қайтарылып жатыр, - деді депутат Қайнар Абасов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырып, жауаптыларды сынға алған болатын. Қазір «Жер аманаты» комиссиясы еліміздің барлық өңірінде шенеуніктерден, сондай-ақ өз иелегінен тыс сатып алған меншік иелерінен жерлерді қайтарып алуға белсене кіріскен. Комисссия мүшелері халықты латифундистермен күрестің тоқтаусыз жүретініне сендіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама