Halyq Uni логотип
×

Әйелдер қозғалысы еліміздегі зейнеткерлер статистикасына күмән келтірді

Ресми статистикада халықтың 14%-ы зейнеткер 

 Ербол Тұрымбет 03.08.2022 | 09:39

Елімізде зейнетке шығу жасы 58 болса, биыл 320 мың әйел зейнеткерлікке шығу керек еді. Бұл туралы Зейнет жасын 58-ге түсіру жөніндегі Қазақстан әйелдері қозғалысының белсенділері Halyq Uni ютуб-арнасына берген сұхбатында түсіндіріп берді.

Өзбекстан халқының 10%-ы зейнеткерлер. Бізде ол 14% деп айтады ресми статистика. Бірақ мен оған сенбеймін. Себебі, көбі жасы 58-ге жетпей қайтқан. Менің ойымша, шамамен 8%. Егер зейнет жасы 58-ге түсірілсе, зейнеткерлердің қатарына көп болса 1-2% ғана қосылуы мүмкін. Сонда 19 млн халқымыз бар десек, соның ары кетсе 9-10%-ы ғана зейнет жасындағылар деген сөз, дейді белсенді Жанар Жебегенова.

Оның айтуынша, сол Өзбекстан халқының 10%-ы зейнеткерлікке 20-25 жыл еңбек өтілімен-ақ 55 жаста шығады. Бізде халқымыздың 10%-ы емес, 14%-ына дейін көтере алатын мүмкіндік бар.

Айта кетейік, 27 шілдеде Қырғызстанда әйелдердің зейнет жасын 58-ден 63-ке көтеруден ресми түрде бас тартты.

Сондай-ақ, премьер-министр Әлихан Смайылов 11 шілдеде сенатор Дана Нұржігіттің депутаттық сауалына жауап беріп, онда елімізде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттырудың жаңа шаралары пысықталып жатқанын келтірген еді. Бірақ ресми жауапта зейнет жасын түсіру туралы еш айтылмаған.

Неге ол кісі дұрыс, нақты айтпайды? Ол тек Дана Нұржігітке емес, бізге жауап берді. Қазақта «қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дейді. Бізге айтып жатқанын түсіндік. Бірақ ол жауапты қабылдамаймыз. Күресімізді тоқтатпаймыз, дейді қозғалыс жетекшісі Майкен Бегарыстанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама