«АрселорМиттал Теміртау» зауытында 46 жастағы жұмысшы қаза тапты
Қайғылы оқиғаны анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
«АрселорМиттал Теміртау» болат өңдеу департаментіне қарасты агломерация зауытында кен араластыру учаскесінің 46 жастағы жұмысшысы қаза тапты.
«АрселорМиттал Теміртау компаниясының баспасөз қызметі бригадирдің қаза болғанын растады.
Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, оқиға түнгі ауысымда болған. Ер адам конвейерге қалай түсіп кеткенін арнайы комиссия
«Болат өңдеу цехының агломерация зауытында оқыс оқиға болғанын хабарлаймыз, салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған бригадирден айырылып қалдық. Арнайы комиссия құрылды, іс жүріп жатыр», - деді компания өкілі.
Қайғылы оқиғаға қатысты Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді.
Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу аяқталғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланады, - делінген хабарламада.