4 642 қылмыстық іс қозғалды
Полиция қаңтар оқиғасына байланысты 15 мыңдай адамнан полиция жауап алды.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, полиция қаңтар оқиғасы бойынша 4 642 қылмыстық іс қозғады. Полиция тергеушілері 15 мыңдай адамнан жауап алды. 35 мыңнан астам тергеу амалдары мен 2,5 мыңдай сараптама жасалды.
Қаңтар оқиғасында 1 731 адам зардап шегіп, 343 млн теңгеден астам сомаға келтірілген зардап өндірілген.