Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасына байланысты 15 мың адам полицияға жауап берді

4 642 қылмыстық іс қозғалды

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2022 | 16:10
Қаңтар оқиғасына байланысты 15 мың адам полицияға жауап берді
фото: ашық дереккөз

Полиция қаңтар оқиғасына байланысты 15 мыңдай адамнан полиция жауап алды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, полиция қаңтар оқиғасы бойынша 4 642 қылмыстық іс қозғады. Полиция тергеушілері 15 мыңдай адамнан жауап алды. 35 мыңнан астам тергеу амалдары мен 2,5 мыңдай сараптама жасалды.

Қаңтар оқиғасында 1 731 адам зардап шегіп, 343 млн теңгеден астам сомаға келтірілген зардап өндірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама