Halyq Uni логотип
×

Әскери бөлімдер тозған компьютерлерді әлі пайдаланып отыр – вице-министр

Министрлік 350 мың теңгеге жаңа компьютерлерді сатып алмақ

 Дәурен Ерболат 02.08.2022 | 14:28
Әскери бөлімдер тозған компьютерлерді әлі пайдаланып отыр – вице-министр
фото: ОКҚ

Бүгінде кейбір әскери бөлімдердің қызметкерлері тозған компьютерлерді әлі пайдаланып отыр екен. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Вице-министр қорғаныс саласында өзекті мәселелердің барын жасырған жоқ.

Компьютерлер немесе серверлер, коммутаторлардың көбісі ескірген. Мұны да мойындауымыз керек. Соңғы 3 айда он шақты әскери бөлімді араладым. Бірнеше әскери бөлімде 10-15 жыл бұрын пайдаланған Intel Pentium III компьютері әлі тұр. Бұл да өзекті мәселе, - деді Дархан Ахмедиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің орынбасары бұл мәселе әскери комиссариаттарға байланысты екенін атап өтті.

«Тозған компьютерлердің нақты санын айта алмаймын. Бұл құпия ақпарат болып саналады. Бірақ біраз компьютерді айырбастау керек. Бұл мәселе әскери комиссариаттарға (военкоматтар) қатысты. Бүгінде сатып алынатын компьютердің бекітілген бағасы – 350 мың теңге. Өкінішке қарай, қанша компьютер сатып алынатынын, қанша теңге жұмсалатынына қатысты мәліметті бере алмайтын. Ол – құпия мәлімет», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама