×

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар саны артпақ

Бұндай вагондарға халық сұранысы артқан

 Халық үні 01.02.2022 | 17:30
фото: ашық дереккөзден

«Жолаушылар тасымалы» АҚ әйелдер вагондары бар маршруттар тізімін кеңейтіп жатыр.

Ұлттық тасымалдаушы халықтың сұранысын ескере отырып, 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап әйелдер вагондары бар пойыздар санын көбейту туралы шешім қабылдады. Жоба пилоттық режимде тағы алты жолаушылар пойызында жұмыс істейді. Олар: 

  1. № 45/46 «Павлодар-Шымкент»;
  2. № 85/86 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент»
  3. № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Семей»;
  4. № 47/48 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол-Атырау»;
  5. № 379/380 «Алматы-2-Орал»;
  6. № 73/74 «Алматы-2-Жезқазған» .

Интернет-сайттарда және билет кассаларында әйелдер вагонына теміржол билетін ресімдеген кезде жолаушылар мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс. Әйелдер вагонына 7 жасқа дейінгі ер балаларды ресімдеуге де жол беріледі.

Былтырғы қазанда №77/78 «Алматы - Маңғыстау» әрі №351/352 «Алматы – 1-Өскемен» жолаушылар пойыздарында әйелдер вагонымен жүру қызметі іске қосылды. Жоба іске қосылған сәттен бастап, 2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында бұл қызметті 13243 әйел пайдаланды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43