Екібастұзда көшеде жатқан «мәйіт» тіріліп кеткен
Қала тұрғыны целлофанға оралған ер адамды байқап, бірден полицияға хабарласқан
Екібастұзда көшеде целлофанға оралып жатқан ер адам табылды деп хабарлады Polisia.kz.
Қала тұрғыны әдеттегідей таңертең сағат 07.00-де итін серуендету үшін далаға шыққан. Содан ол М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында ешқандай тіршілік белгісі жоқ, целлофанға оралған ер адамды байқап, бірден полицияға хабарласқан.
Аулаға жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде «мәйіт» орнынан атып тұрып, қаша жөнеліпті.
Белгілі болғандай, бір күн бұрын ішімдікке сылқия тойып алған ер адам үйіне жете алмай, далада ұйықтап қалған көрінеді. Сосын жаңбырдан жасырыну үшін сол маңнан тауып алған целлофанға оранып алған.