×

Атырауда «ВИЧ» жұқтырғандар саны артты

Олардың саны шамамен 20% өсті

 Айнұр Асылбекқызы 01.02.2022 | 15:59
фото: atyrauspidcentre.kz

Атырауда соңғы жылдары адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Облыстық ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі Аягөз Жеткіншекқызының айтуынша, былтыр Атырауда 47 адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырды. Қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 2020 жылмен салыстырғанда 19% өсті. 

Инфекция анықталғандардың 42-сі - Қазақстан азаматтары, ал бесеуі - шетелдік. Соның ішінде 43 азамат Атырау қаласында, ал төртеуі аудандарда тұрады.  

Індетті 44 адам жыныстық қатынас арқылы, қалған үшеуі көктамыр арқылы есірткі қолдану жолымен жұқтырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама