×

«Тоқаевтың араласуын сұраймыз»: қаңғыбас иттерден енді маңғыстаулықтар үрейленіп отыр

Жергілікті билік тарапынан жауап жоқ

 Еркеғали Болатұлы 01.08.2022 | 17:31
фото: Ilya Pitalev

Маңғыстау облысының тұрғындары қаңғыбас иттердің мәселесін шешу үшін президентке жүгінді.

Балаларды мектепке немесе балабақшаға апара жатқанда, бір қолымызға баланы ұстасақ, екінші қолымызға тас немесе ағаш деген сияқты қорғаныс құралын ұстаймыз. Еркін жүру мүмкін емес. Жақында ғана бір баланы ит тістеп алып, оған ота жасалды, - дейді Сайын-Шапағатов ауылының тұрғындары.

Содан кейін олар ауыл әкімдігіне иттерді ату туралы арыз жазған. Жергілікті билік тарапынан жауап болмағандықтан, бұл мәселеге енді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің араласуын сұрап отыр.

Тұрғындардың айтуынша, ауылда қаңғыбас иттер көбейіп кеткен. Оларға қарсы тиісті шара қолданбаса, маңғыстаулықтар да Ақтөбедегі оқиғалардың кебін киюі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама