«Соғысқа жол жоқ!»: Айқын концерттен түскен табысын Украинаға аудармақ
Белгілі әнші соғысты қолдамайтынын жеткізді
Әнші Айқын Төлепберген кезекті концерттерінің бірінен түскен қаржыны Украина халқына аударады. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
Барлық қаражат қазір сыртқы агрессорға қарсы тұрып жатқан батыл да қайсар елдің балаларына жіберіледі. Олар өз Отанын қорғап жатыр. Ол қандай болса да ешкімнің басқа бір Тәуелсіз елдің ішкі жұмыстарына араласуына хақы жоқ. Бұл дегеніміз – ертең кез келген көрші мемлекет дәл солай келіп, сынықтан сылтау іздеп тауып, біздің елімізге де өз ережесін орната бастауы мүмкін деген сөз. Бұл дұрыс емес. Ол жақта қазір әр күн сайын екі тараптан да адамдар қаза тауып жатыр. Әсіресе бейбіт тұрғындар мен балаларға обал. 5,1 млн босқын өзге елдерді паналап жүр. Ал олардың ерлері өз Отанын қорғап жатыр,– деп жазды әнші.
Бұған қоса ол орыс мәдениетін, ақындарын жақсы көретінін, алайда қазір басқа елді жаулап алушылар бұл мәдениеттен мақұрым екенін айтты.
«Соғысқа жол жоқ! Украина жасасын!» - деп түйіндеді сөзін Айқын Төлепберген.