Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында көршісінің 16 млн теңгесін алып кеткен әйел ұсталды

Күдікті Түркиядан алтын бұйымдары әкеп беруге уәде берген

 Дәурен Ерболат 01.08.2022 | 10:59
Түркістан облысында көршісінің 16 млн теңгесін алып кеткен әйел ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жетісайда көршісінің 16 млн теңгесін жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөліміне жергілікті әйел арызданды. Оны танысы Түркиядан әйелдерге арналған арзан алтын әшекейлерді әкеп бере аламын деп сендірген. Осылайша, 16 млн 130 мың теңгені және 2 млн теңге болатын алтын бұйымдарды алдап алып кеткен.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша іс қозғалды. Полицейлер қылмысты ашу үшін қажет шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты, - деп жазылған хабарламада.

Полицейлер күдікті алданған әйелдің көршісі екенін айтады.

«Ол жәбірленушіден алған қомақты ақша мен алтын бұйымдарды жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама