Ақтөбеде жантүршілгерлік жол апатынан 6 адам көз жұмды
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында жол апаты болды
Қайғылы оқиға кеше түнде Самара-Шымкент тас жолының бойында болған.
Honda Fit маркалы көліктің 32 жастағы жүргізушісі, Қырғызстан азаматы қарсы бағытқа шығып кетеді. Осы кезде Lada Largus көлігімен соқтығысады. Қатты соққының салдарынан Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, оның бірі бала және Honda Fit көлігінің жолаушысы сол жерде көз жұмды. Ал Honda Fit көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.