Ақтөбеде бір үйдің екі баласы суға батып кетті

Халық үні

Бүгін қалада үш адам суға кетті

Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған, қауіпті жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.

Ақтөбеде сағат 19:30-да тағы да хабарлама түсті. Заречный-1 тұрғын алабындағы көпір маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кетті. Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі де бір отбасының баласы, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.