×

25 396 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

10,5 млн адам екінші компонент салдырды және 5 млн ревакциналанды

 Бауыржан Мұқанов 31.07.2022 | 09:54
Сурет: ашық дереккөзден

2022 жылғы 30 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда короновирусқа қарсы вакцинаның I компонентпен 10 786 389 адам салдырды, II компонентпен 10 517 494 адам егілді. Ревакцинацияланғандар саны 5 027 433, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 

Өңірлер бойынша көрсеткіш мынадай:

30 шiлдедегi мәлімет бойынша, 25 396 адам коронавирус инфекциясынан (–25 175+ және 221 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 527 пациент стационарда, 23 869 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 40 адамның жағдайы ауыр,
  • 14 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама