Елордада заңсыз жұмыс істеген 32 такси жүргізуші ұсталды
Жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен көбінесе шетел азаматтары айналысады
Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. 19 шілдеден бері заңсыз жұмыс істеген 32 такси жүргізуші ұсталды, деп хабалады қаланың Полиция департаменті.
Жыл басынан бері кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, тиісті тіркеусіз іс-әрекеттерді жасағаны үшін барлығы 125 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 82 іс жақын шетелден келген заңсыз тасымалдаушыларға қатысты. Сондай-ақ патрульдеу барысында полиция қызметкерлері шетелдік жүргізушілердің басқаруымен екі заңсыз таксиді ұстады. Екі жағдайда да Өзбекстан Республикасының азаматтары көлік басқарған, – дейді қаланың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық тұраққа орналастырылды.