Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда жаңбырдан кейін 20 үйді су басты

Көкшетауда нөсер жауын салдарынан 20 тұрғын үйді су басты

 Халық үні 30.07.2022 | 15:15
Көкшетауда жаңбырдан кейін 20 үйді су басты
Фото: ашық дереккөздерден

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 29 шілдеде Көкшетауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 60 аула аумағын жаңбыр суы басқан, оның ішінде 20-сы тұрғын үй.

Бірден Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының нұсқауымен жедел штаб жұмылдырылды. Жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін мекенжайларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінде су сорылды. Жұмыс жалғасып жатыр, - деді ТЖД өкілдері.

Жеке құрамнан 40 адам, облыстық ТЖД-дан 20 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 10 жұмысшы, 4 ассенизатор, 1 экскаватор жұмылдырылған.

6300 текше метр су сорылды. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама