Қалған өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта
30 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта орналасқан.
«Қызыл» аймаққа енген өңірлер жоқ. Айта кетейік, елорда «сары» аймаққа 21 шілдеде енген болатын.
Өткен бір тәулікте Қазақстанда инфекция 3107 адамнан анықталса, науқастардың ең көп саны (932) астанада тіркелген.