×

Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

«Самара-Шымкент» жолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты

 Халық үні 31.01.2022 | 17:00

30 қаңтарда сағат 19:20 шамасында Mercedes-Actros жүк көлігінің жүргізушісі, Өзбекстан азаматы Хромтау қаласы жағынан Ақтөбе қаласына қарай «Самара-Шымкент» автожолының 779 шақырымында, Өлке кентінің жанында жолдың тайғақ учаскесін ескермей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті. Осылайша, рөлінде 34 жастағы жүргізуші отырған Toyota Camry-55 автокөлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry-55 автокөлігінің жүргізушісі және төрт жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – делінген ақпаратта.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі (көлiк жүргізетін адамдардың жол жүрісі немесе көлiктерді пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тізілімге тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама