Алматыда «Қазақтелеком» қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты
Жұмысшылардың талабы - жалақыны өсіру
Алматыда «Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясының техникалық бөлімнің қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан.
Осыған байланысты компания кеңсесінде жиналыс ұйымдастырылып, қызметкерлер жалақыны көтеру туралы талаптарын басшылыққа ауызша жеткізген.
Қазіргі күні компания басшылығы наразылық білдірушілермен келіссөз жүргізіп жатыр. Оларға заң аясында бастамашыл топ құрып, кәсіподақпен бірлесіп негізгі талаптарды белгілеу жөнінде ұсыныс айтылды. Қызметкерлердің талаптары міндетті түрде қаралатын болады, - деді баспасөз қызметі.
«Қазақтелеком» мәліметінше, компанияда жалақы мәселесі үнемі қарастырылып келеді. Оның ішінде техникалық бөлім мамандарына басымдық берілген.