×

Жұмыссыздарға жарты жылда 8 млрд теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалған

Бұл төлем 1-6 ай аралығында беріледі

 Дәурен Ерболат 29.07.2022 | 15:05
Фото: inform.kz

Жарты жылда жұмыссыз мәртебесін алған қазақстандықтарға 8 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, былтыр бұл әлеуметтік төлемді 106 мыңға жуық адам алған.

2022 жылғы 6 айда 60 мыңға жуық адамға 8 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды, - деді басшы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Нұрсұлу Кемел бұл әлеуметтік төлемді алу үшін қазақстандықтардың жұмыссыз мәртебесін алу керектігін атап өтті.

«Олар жұмыспен қамту орталығынан немесе электронды еңбек биржасынан жұмыссыз мәртебесін алу керек. Әлеуметтік төлем 1 айдан 6 айға дейін беріледі. Еңбек өтілі көп болса, әлеуметтік төлем де жоғары болады», - деді бас директор.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 450 мың қазақстандық еш жерде жұмыс істемейтіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама