Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстанда марихуана өсірумен айналысқан зертхана анықталды

Есірткі зертханасынан 154 түп марихуана табылды

 Халық үні 31.01.2022 | 15:59
Шығыс Қазақстанда марихуана өсірумен айналысқан зертхана анықталды
фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына Өскемен қаласы тұрғының қатысы барын анықтады.

Оның тұрғылықты жерін санкцияланған тінту нәтижесінде, жедел уәкілдер марихуана өсіріп-көбейтуге арналған сырт көзден таса орналасқан есірткі зертханасын тапты. Ыдыстағы есірткі өсімдіктері белгілі бір температура мен ылғалдылық сақталатын екі қосалқы бөлмеде өсірілді.

Тінту кезінде 154 түп марихуана анықталды. Есірткі затының жалпы салмағы 19 келіні құрады. Сот санкциясымен қамауға алынған 40 жастағы күдіктінің әрекеті қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сараланады. Оның санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама