Halyq Uni логотип
×

450 мың қазақстандық еш жерде жұмыс істемейді - Нұрсұлу Кемел

20-30 мыңы мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемнің барын әлі де білмейді

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2022 | 13:59
450 мың қазақстандық еш жерде жұмыс істемейді - Нұрсұлу Кемел
фото: ашық дереккөз

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел қазір елімізде 450 мыңға жуық адамның жұмыссыз жүргенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жұмыссыз қалған азамат портал немесе жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуі керек.

Бізде көп азамат тіркелмей, уақыт жоғалтып алады. Мемлекеттен берілетін жәрдемақы жұмыссыз ретінде ресми тіркелгеннен кейін ғана тағайындалады. Одан әрі төлем автоматты түрде рәсімделеді, - деді Нұрсұлу Кемел.

Бұл ретте ол жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлемақы алатындардың өсімі байқалмайтынын да алға тартып отыр. Айтуынша, ресми статистикадағы әлгі 450 мыңға жуық жұмыссыздың 106 мыңы біздің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүгінген.

Сол жұмыссыз жүрген азаматтардың 20-30 мыңы мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемнің барын әлі де білмейді. Біз кәсіпорындар мен жұмыс берушілерге қызметкеріңізді жұмыстан шығарып жатсаңыз, әлеуметтік төлемнің барын айтыңыз деп ескертіп жатамыз, - дейді қор директоры.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде 3 мыңнан аса ер адамның бала күтіміне байланысты декретке шыққанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама