Күдікті 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Елордада интернет арқылы психотропты заттарды сатумен айналысқан ер адам ұсталды. Бұл турлаы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті «А» есімді елордалық тұрғынды ұстады. Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді, – делінген хабарламада.
Тергеу барысында күдікті есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатып отырғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.