Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады
Тоқаев Қытайдағы әлемдік доданың ашылу рәсіміне қатысады.
Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады, – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Бейжіңдегі әлемдік дода 4 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін созылады. Қазақстан командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынайды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.