Бәйдібек ауданындағы өрт: Қойшы қаза тапты, мыңнан астам мал басы қырылды

Қымбат Елтайқызы

Өрт салдарынан 150 тонна шөп жанып кетті

фото: ТЖМ

Бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені жайлы хабарлама түсті. Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп тұрған.

Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық - 40 шақырым. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жетті. 

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды, – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт сағат 10.23-те сөндірілді. Оны сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі және 4 техникасы жұмылдырылды.