Жамбылдық полицейлер 60 тоннаға жуық жабайы қарасораны жойды
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 30 гектар жерден шабу арқылы 27 тонна жабайы сора өртелінді
Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аумағында «Қарасора – 2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөнінде көшпелі комиссия құрылған болатын. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 30 гектар жерден шабу арқылы 27 тонна жабайы сора өртелінді. Жалпы, профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 60 тоннаға жуық жабайы сора жойылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.