Halyq Uni логотип
×

«Астана бас жоспарының» экс-басшысы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді

Құрылысты толық аяқтау үшін 577 млн доллар керек

 Дәурен Ерболат 28.07.2022 | 19:00
«Астана бас жоспарының» экс-басшысы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді
Фото: Нұрдәулет Әбікеев

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-дің бұрынғы директоры Сәрсенбек Жүнісов қалада LRT құрылысын аяқтау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол елорда әкімі Алтай Көлгіновтың LRT құрылысын аяқтау туралы пікірімен толық келісетінін атап өтті.

Дұрыс, LRT-ны салу керек. Егер біз оны салмасақ, бүгінде метро, БРТ салуды немесе басқа тез жүретін қоғамдық көлік керек деген мәселені талқыға салар едік. Қаладағы халықтың саны 1 млн-ға жеткеніне біраз уақыт болды. Осыған байланысты қалада тез жүретін қоғамдық көлік болуы керек, - деді Қазақстанның құрметті сәулетшісі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сәрсенбек Жүнісов аталған жобаны бұрыннан қолдағанын атап өтті. Себебі, жоба қала тұрғындарына қажет.

«Мен бұрыннан LRT-ны салуды қолдадым. Енді екінші, үшінші, төртінші, бесінші желілер салу мәселесін қарастыру керек. ЛРТ жердің үстінде немесе екі деңгейлі болса да, оны салу қажет. Еуропаның барлық елінде LRT жердің үстінде орналасқан. Сондықтан бұл қорқынышты емес. Егер біз бірінші желіні еске қосамыз деп шешсек, оны салу керек... Менің ойымша, қала әкімдігі дұрыс шешім қабылдады», - деп сөзін түйіндеді «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-дің экс-директоры.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама