×

Алматы облысында бірнеше ауылдың аты қазақшаланады

Қоғамдық талқылау 11 тамызына дейін жалғасады

 Дастан Жұмабекұлы 28.07.2022 | 16:52
фото: visitkazakhstan.kz

Алматы облысында бірқатар ауыл мен округтің аттары өзгертіледі.

Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының бірқатар ауылдық округ пен ауылдың атауын өзгерту туралы шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Шешім «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға және облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шығарылып отыр.

Әкімдік пен мәслихат Іле ауданының Энергетический ауылдық округі «Өтеген батыр», Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы «Байкент» ауылдық округі және «Байкент» ауылы, Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы «Ақсай» ауылдық округі және «Ақсай» ауылы, Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы «Кенен Әзірбаев» ауылы, Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы «Жайнақ» ауылы, Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы «Жібек жолы» ауылы болып өзгертілсін деген ұсыныс айтты.

Бүгін құжаттың жобасы порталда жарияланды. Қоғамдық талқылау 11 тамызына дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама