×

Созақта «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын тонап келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қылмыстық топтың құрамында сотталғандар мен деструктивтік діни ағымды ұстанушылар бар

 Халық үні 31.01.2022 | 13:00

Түркістан облысы полиция департаменті Созақ ауданында «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарынан аса ірі көлемдегі жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар-материалдық бағалы заттарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді.

Қылмыстық топ құрамында 10-нан астам адам бар: сотталғандар мен деструктивтік діни ағымды ұстанушылар. Олар ай сайын он миллион теңгенің мүлігін ұрлаған. Ұрланған заттардың радиациялық қауіптілігін де ескермеген.

Сондай-ақ, олар бопсалау, кәсіпкерлерге «қамқорлық жасаумен» және рэкетпен айналысқан. Криминалдық ортада қару қолдана отырып, есеп айырысып жүрген. Тінту барысында қылмыскерлерден есірткі, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, «қара бухгалтерия» блокноттары және «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарынан ұрланған материалдық бағалы заттар табылды.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 197 (Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сатып алу), 287 (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, сату және сақтау) және 296 (Есірткі құралдарымен заңсыз іс-әрекет) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір қалған фактілер бойынша дәлелдер жиналып жатыр. Кінәлі адамдар ұсталып, соттың санкциясымен тергеу изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бүгін ауа райы қандай болады?

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады
28.05.2023 | 00:00

Елена Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады

Барымды салсам, кез келген қарсыласты жеңе аламын, дейді ол
27.05.2023 | 22:42

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52