Halyq Uni логотип
×

«Тамыр-таныс іздеуге дағдыланған»: министр халықтың менталитетіне қынжылды

Бұл әдет денсаулық сақтау саласының дамуын, мысалы, трансплантологияны бірнеше жылға артқа тастайды

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2022 | 15:16
«Тамыр-таныс іздеуге дағдыланған»: министр халықтың менталитетіне қынжылды
фото: дереккөз

Туыстарының бірі ауруханаға түскенде, қазақстандықтар медициналық көмек жақсырақ көрсетілсін деген үмітпен таныстарын іздей бастайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлі Ажар Ғиният NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Министрдің айтуынша, көптеген салада, соның ішінде денсаулық сақтау саласында тамыр-таныстарға жүгіну қазақстандықтардың менталитетімен байланысты.

Мен 90-жылдары жұмыс істеп үлгердім. Сондықтан ескі жүйемен де, бүгінгі жүйемен де таныспын. Елімізде қалыптасып қалған жағдай, медицина болсын, білім саласы болсын, жұмысқа тұра ма, жоғары оқу орнына түсе ме, халық қайдан болса да тамыр-таныс іздеуге дағдыланған. Осындай менталитет. Барған жерде дәрігер болса да олар басқа біреуді қосуға тырысады. Міне, осылайша дәрігерлерімізді жаман үйретеді, - дейді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ ол мұндай жекелеген жағдайлардың өзі Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының дамуын бірнеше жылға артқа тастайтынына қынжылды.

«Мен жақында бір есептемені зерттедім. Бізде денсаулық сақтау жүйесі арқылы жылына 110 миллионға жуық адам келеді. Республика бойынша күніне 20 мың жедел жәрдем шақырту тіркеледі, 3 мыңға жуық операция жасалады. Сол 3 мыңның барлығы таныс іздейді деп ойламаймын. Бізде мұндай жекелеген жағдайлар болса да жаман. Бұл денсаулық сақтау саласының дамуын, мысалы, трансплантологияны бірнеше жылға артқа тастайды», - дейді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама